Құрметті әріптестер, Miras online Academy
қашықтан оқу платформасына қош келдіңіздер!
Қашықтан оқу платформасының қандай артықшылықтары бар?
Білім беру стандартына сәйкес
- платформада орналасқан видео-сабақтар ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалған;
- видео-сабақтардың авторлары үздік мектептердің білікті, тәжірибелі ұстаздары.
Түсінікті видео-сабақтар
- әрбір сабақтың мазмұны түсінікті тілмен ұсынылған;
- сабақтарды кез-келген уақытта қайталап көруге болады;
- әрбір видео-сабақтың ұзақтығы шамамен 5-8 минут.
Заманауи IT құралдар қолданылған:
- жаратылыстану пәндерінде арнайы тақта (permanent glass board) мен флуоресцентті маркерлер қолданылады;
- оқушының білім алуға қызығушылығы мен назарын арттыру мақсатында видео-сабақтарда графикалық анимациялар қолданылған.
Интербелсенді тапсырмалар
- әрбір видео-сабақты көру барысында белгілі минуттарда экранға тест сұрағы шығады («дұрыс» жауап берілсе сабақ жалғасады, «қате» жауап берілсе сабақ қайта басынан басталады);
- тоқсан соңында қорытынды тест (ТЖБ) орындалады.
Оқу процесіне кім қатысады?
ОҚУШЫ:
- пән таңдайды;
- видео-сабақтарды көреді;
- тест және басқа интербелсенді тапсырмаларды орындайды;
- мұғалімге (видео-сабақтың авторына) сұрақ қоя алады;
- әрбір пән бойынша прогресін проценттік өлшеммен көріп отырады.
АТА-АНА
- өз баласының оқу үлгерімін (қай пәнді қандай мөлшерде меңгергенін) көреді;
- видео-сабақтың мазмұны бойынша сабақтың авторына сұрақ қоя алады.
МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ / СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ
- өзіне берілген логин және құпиясөзбен платформаға кірген соң жетекшілікке алған сыныбын және өзінің сабақ беретін пәнін (пәндерін) таңдайды;
- сынып жетекшісі ретінде өз оқушыларының әрбір пән бойынша прогресін бақылайды;
- пән мұғалімі ретінде сыныптардың, оның ішіндегі оқушылардың оқу үлгерімін көреді;
- мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру видео-курстарын платформада тегін оқи алады.
МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ
- видео-сабақтарды көреді;
- әрбір сыныптың/оқушының сабақтарды меңгеру деңгейін көреді;
- мұғалімдер мен оқушыларды платформаға тіркеуге, шектеуге, өшіруге мүмкіндік алады.
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
- өз облысына/ауданына тиісті мектептердің оқу процесін қадағалайды; - мектеп ішіндегі сыныптар мен оқушылардың сабақтарды меңгеру деңгейін көреді.Бізбен қалай хабарласуға болады?
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әуезов ауд., Баянауыл ы/а., 27 үй.
info@miras-edu.kz
Байланыс тел.: +7 747 108 18 54 (қабылдау бөлмесі, бетпе-бет оқу бойынша),
+7 707 230 26 00 (қашықтан оқу бойынша).
«MIRAS online ACADEMY» платформасына қойылатын видео-сабақтардың авторы болғыңыз келе ме?
Онда келесі қадамдарды жасаңыз:
- онлайн оқу бойынша көрсетілген тел. номеріне хабарласыңыз;
- сұхбаттасуға келіңіз;
- сынама сабақ дайындап, арнайы студиямызда шеберлігіңізді көрсетіңіз.
* төлемақы, түсірілім кестесі, пәнге, видео-сабаққа қойылатын талаптар және т.б. сұрақтарға жауап сұхбаттасу барысында беріледі.